Бағдарламада ауыл шаруашылығы саласының ардагері, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісінің иегері Мұрат Ерғасымовтың өмір жолы мен еңбек өрісі баяндалады. Ол өзінің саналы ғұмырын ауылдың дамуына, жер мен ел игілігіне арнаған азамат. Көрермендер кейіпкердің еңбек жолындағы жетістіктері, ұрпаққа үлгі болар өнегесі мен туған жерге деген адал еңбегімен танысады.