Негізгі Видео Садчиков ауылы | «Елбесік»

Садчиков ауылы | «Елбесік»

Бұл шығарылымда Қостанай ауданына қарасты Садчиков ауылындағы өмір мен еңбек жайлы баяндалады. Ауыл тұрғындары негізінен жергілікті сүт фермасында еңбек етеді. Мұнда тәулігіне 7 мың литрге жуық сүт өндіріледі. Қожалықта заманауи техникамен жабдықталған сауын орны, арнайы күтім жасалатын бұзау қорасы бар. Бағдарламада мал шаруашылығымен қатар ауылдың әлеуметтік жағдайы да сөз болды: жолдар жөнделіп, ойын алаңдары салынып, жарық пен бейнебақылау жүйесі орнатылған. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының өнерге деген ықыласы көрсетілді – «Қазына» және «Зарянка» ансамбльдері көрерменмен бөлісті.

Жоба
Елбесік
Бөлісу