Бағдарлама Қостанай ауданына қарасты Айсары ауылында түсірілген. Мұнда соңғы жылдары ауылдың инфрақұрылымы жаңарып, әлеуметтік нысандардың жұмысы жандана түскен. Тұрғындар игілігіне берілген жаңа медициналық пункт заманауи құралдармен жабдықталып, сапалы қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, мектеп жанынан музыка мектебінің филиалы ашылып, балалар ұлттық аспаптарды үйреніп жүр. Бағдарламада ауыл өміріндегі оң өзгерістер, білім мен денсаулық саласындағы жаңа мүмкіндіктер баяндалады.