Алаштың асыл перзенті, ұлт руханиятының шамшырағы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы ел жадында жатталар елеулі тарихи оқиғаға айналды. Ұлт ұранына айналған тұлғаға тағзым ету іс-шарасы Қостанай төрінде, қала орталығына орнатылған еңселі ескерткіштің ашылуынан басталды.