«36.6» бағдарламасының кезекті шығарылымында қан қысымының жоғарылау себептері, белгілері және оның алдын алу жолдары сөз болды. Бағдарламада гипертонияның жастар мен жасөспірімдер арасында жиілеп бара жатқанына алаңдаушылық білдірілді. Дәрігер маман Құралай Қайратқызы қан қысымының «үнсіз» өрбуі туралы айтып, алдын алу үшін дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және зиянды әдеттерден бас тарту керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, бағдарламадан инфаркт пен инсульт белгілері, алғашқы көмек көрсету тәсілдері және қауіпті белгілер кезінде не істеу керек екенін біле аласыздар.