15 тамыз күні Qostanay арнасында өткен «36.6» бағдарламасында қатерлі ісік пен оның алдын алу жолдары талқыланды. Мамандар ерте диагностика мен скринингтің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ сүт безі обыры, оның белгілері, емдеу тәсілдері және заманауи медициналық құралдардың рөлі жайында айтылды. Бағдарламада онколог-маммологтар мен эндоскопист дәрігерлердің пікірлері ұсынылды.