Бағдарламаның бұл шығарылымында тігін ісін өміріне серік еткен Зейнеп Жайлыбаева жайында баяндалады. Ол – көпбалалы отбасынан шыққан, қолөнерге деген махаббатын әжесінен сіңіріп өскен, бүгінде басшылық қызмет атқарса да, тігін шеберханасынан қол үзбеген еңбек адамы. Бағдарлама барысында оның кәсіби жолы, бала тәрбиесіндегі ұстанымы мен қоғамдағы рөлі жайлы әңгіме өрбиді.