Бағдарлама жүргізушісі Бейбіт Нұрмұханов жеке тәжірибесін мысалға келтіре отырып, маркетингтің тұтынушы мен өндіруші арасындағы байланыс құралы ретіндегі маңызын көрсетті. Мамандар цифрлық және контент маркетингтің ерекшеліктері, бренд қалыптастыру, онлайн платформалардағы жарнама тиімділігі туралы айтып өтті.