«36,6» бағдарламасында аллергия тақырыбы кеңінен қамтылды. Аллергия – иммундық жүйенің сыртқы әсерге өзгеше реакциясы. Бағдарламада оның пайда болу тарихынан бастап, қазіргі таңда жиі кездесетін түрлері – күн сәулесіне, гүл тозаңына, тағамға және терек ұлпасына аллергия туралы айтылды. Аллерголог маман кеңес беріп, белгілерін елемеу денсаулыққа қауіпті екенін ескертті. Сондай-ақ көрермендердің өз тәжірибелерімен бөліскен блиц сұхбаттары ұсынылды. Мамандардың айтуынша, аллергия тұқым қуалауы мүмкін, бірақ дер кезінде тексеріліп, нақты аллерген анықталса – емдеуге болады. Алдын алу шаралары мен иммунитетті күшейту де – басты құрал.