20 мамырдағы шығарылымда криптовалюта ұғымы, оның пайда болу тарихы, жұмыс істеу механизмі және болашағы туралы кеңінен сөз болды. Бейбіт Нұрмұханов жүргізген бағдарламада блокчейн технологиясы, биткоиннің ерекшелігі мен нарықтағы орны түсіндірілді. Экономист мамандар криптовалютаның тәуекелдері мен әлеуетін саралап, бұл құралдың дәстүрлі валютаға балама бола алатынын айтты. Бағдарламада криптобиржалармен жұмыс істейтін жеке трейдерлердің тәжірибесімен де бөлісілді. Сонымен қатар, цифрлық қаржы құралдарын қолдану кезінде сақтық шаралары мен заңнамалық талаптар жөнінде маңызды кеңестер берілді.