16 мамырдағы шығарылымда орман және дала өрттерінің алдын алу шаралары туралы айтылды. Бағдарлама Қостанай ауданындағы оқу-жаттығу жиындары мен рейдтерден бастау алады. Мамандар орман шаруашылықтарында өрт қауіпсіздігін тексеріп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ерекше назар орман өрттерін ерте анықтайтын бейнебақылау жүйесіне аударылды. Камералар тәулік бойы 360 градусқа бақылау жасап, қауіптің алдын ерте анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, минералданған жолақтар құрылып, 762 қызметкер мен 123 техника жұмылдырылған. Бағдарламада орманшылардың тәжірибесі мен сала мамандарының пікірлері ұсынылды.