Тіл саясатын жүзеге асыру мен мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан тұлғаларды қолдау мақсатында арнайы шара өткізу өңірде дәстүрге айналған. Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығы мен тілдер күніне орай облыстағы 20-ға жуық тіл жанашылары марапатталды.