Биыл облыста жазғы сауықтыру шараларымен 102 мыңнан аса бала қамтылып жатыр. Бұл қостанайлық оқушылардың 91% құрайды. Қала сыртындағы 12 лагерьге 11 мыңнан аса жасөспірім барады деп күтілуде. Оған жолдама құны орташа есеппен 55 мың теңге. Ал мектеп жанындағы жазғы алаңдардың саны аймақта 600-ден асқан.