Облыстық ауруханада «IVUS» аппаратының көмегімен жүрек қан тамырлары қабырғаларын зерттеу бойынша алғашқы тексеру жүргізілді. Бұл ультрадыбыстық әдіс дәрігерлерге артериялардың ішкі жағдайын тікелей көруге, тромбтар мен түйіндақтарды анықтауға және науқасты емдеудің дұрыс бағытын жедел белгілеуге мүмкіндік береді. Қостанай дәрігерлерін жаңа құрылғымен жұмыс істеуді Алматы қаласындағы Кардиология орталығының мамандары мен Қытайдан келген аппаратты әзірлеуші компания өкілдері үйретті. Толығырақ бүгін 20.30-да «Арқа ақпаратта».