«Тобыл тынысы» бағдарламасының кезекті шығарылымында көрерменді бірден бірнеше маңызды тақырып аясындағы мазмұнды әңгіме күтеді. Эфирдің алғашқы бөлігінде мектеп мақтанышына айналған дарынды оқушылар өз жетістіктері мен армандары жайында ой бөліседі. “Дарын жұлдызы”, “Жыл оқушысы” және “Жаңа жарық жұлдыз” аталымдарының иегерлері білім мен шығармашылық жолындағы ізденістері туралы әңгімелейді.