Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Айзере Қайырбай қонақ болады. Жас өнерпаз жуырда өткен Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларына қатысып, өзінің шығармашылығын танытып қайтты. Эфир барысында Айзере өнерге деген қызығушылығы, байқаудан алған әсері мен болашақ жоспарлары жайында әңгімелейді. Сонымен қатар, жас дарынның сахнаға дайындығы мен шығармашылық ізденісі де сөз болады.