13 мамыр күнгі эфирде студия қонақтары — баскетбол жаттықтырушысы Нұрбол Әбдіғалиев пен оның шәкірттері. Бағдарламада командалық рух, жылдамдық пен дәлдікті талап ететін спорттың қыр-сыры сөз болады. Жас спортшылар өз жетістіктері мен жарыс барысындағы әсерлерімен бөліседі.


💉 Сонымен қатар, «Мейірімді мейірбикелер» тақырыбы аясында №4 емхана медбикесі Кулдрайхан Тугайбаева мен облыстық аурухананың медбикесі Жазира Башкентаева қонақ болады. Олар мамандықтың маңызы, жауапкершілігі және адам өміріндегі рөлі жайлы әңгімелейді.