Жеңіс күніне орай оқушылар батыр бабалардың ерлігін еске алып, тарихи сауалдарға жауап берді. Майдангерлердің жанқиярлығы, қазақ батырларының ерлігі мен соғыс жылдарындағы ел тағдыры жайлы жас буынның ойы қандай? Сонымен қатар студенттер әскери бөлімге барып, сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысты. Қару-жарақтар, әскери техника, казармалық өмір мен тәртіп — мұның барлығы жастардың қызығушылығын арттырды.