9 мамыр - ел жадында мәңгі сақталған ерлік пен өрліктің күні. Бұл – майдан даласында Отан үшін от кешкен батырларды ұлықтап, тылда тынымсыз еңбек еткен жандарға тағзым ететін ерекше дата. Жеңіс күні - тарихтың тағылымын ұмытпай, бейбіт өмірдің қадірін терең сезінетін мереке. Бүгінгі бағдарламада біз Жеңістің тарихи маңызы және бүгінгі ұрпаққа аманат болған құндылықтар жайында әңгіме өрбітеміз. Студиямыздың қонағы – тарихшы, Ғабит Құсайынов.