Облыста «Тұлпар мініп, ту алған» сөз бәйгесі осыдан 3 ай бұрын басталды. Қанатқақты жоба аясында қостанайлық оқушылар «Алпамыс батыр» жырын жаттауы тиіс. Ерлік дастанының көлемі 100 беттен асады. Байқау мәресінде үздік шыққан алғыр да зерек оқушыға шетелге демалуға жолдама, ал ұстазына автокөлік табысталады. Ал 1, 2, 3 орын иелері үшін 3 млн 600 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық қарастырылған. Сайыс мектепшілік, аудан-қалалық, облыстық сынды үш кезеңнен тұрады.