Көрісу күні – қазақтың көне салттарының бірі. Таң ата адамдар үй-үйді аралап, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен көріседі. Көрісу – жай ғана амандасу емес. Бұл – адамдар арасындағы сыйластықты, бірлікті, бауырмалдықты білдіретін ерекше дәстүр.

Жалпы көрісу күні адамдар аман-есен жүздестік, малдың аузы көкке, халықтың аузы аққа тиді деп өзара шад-шадыман болып қауышқан. Сол үшін де оны тек кездесу емес, мәні зор, мағыналы мереке деп атап өткен.