Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында гидропоника үйірмесі 2018 жылы ашылған. Мұндағы мақсат – оқушыларға экологиялық таза өнім өсірудің тиімді жолдарын үйретіп, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту. Гидропониканың басты мақсаты – суды үнемдеу. Яғни, агросаланың біршама мәселесін шешетін, әрі экологиялық технология.