Халқымызда тәрбие тал бесіктен басталады деген сөз бар. Қара шаңырақтың қадірлі мүлкі саналған бесіктің балаға тигізер пайдасы мол. Бесік баланың денсаулығы мен тазалығына зор ықпал етеді. Онда ұйықтайтын баланың дене бітімі тік, қол-аяғы түзу болып өседі. Бесік-өмірге жаңа келген сәбидің ақ отауы. Қазақ баласы бесік жырын тыңдап өскен. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бұйымды қадірлеуден шыққан.