Қыс мезгілінде жолдағы қауіп күшейе түседі. Тайғақ жол, боранды ауа райы және қауіпсіздік талаптарының сақталмауы жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне әкеліп соғады. «Дабыл» бағдарламасында патрульдік полиция қызметкерлері мен мамандар қысқы кезеңде жиі кездесетін заңбұзушылықтар, көлікті маусымға дайындаудың маңызы, қауіпсіз жылдамдықты сақтау және жаяу жүргіншілердің сақтық шаралары туралы айтып береді. Сондай-ақ қала сыртындағы жолдарда туындайтын қауіптер мен алыс сапарға шығарда ескеру қажет жайттарға назар аударылады. Негізгі ой – қарапайым ережелерді сақтау арқылы адам өмірін қорғау.