Федоров ауданындағы мәдениет пен руханияттың бүгінгі тынысы «Елбесік» бағдарламасында кеңінен көрініс табады. Бағдарламада аудандық кітапханалардың жұмысы, ондағы клубтар мен үйірмелердің оқырмандар үшін маңызы, балалар мен ересектердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған бастамалар баяндалады. Сондай-ақ ұлттық ойындар, қолөнер, театр өнері мен домбыра мәдениетін дамыту жолындағы жергілікті өнерпаздардың еңбегі сөз болады. Кейіпкерлердің ой-пікірлері арқылы аудан мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінің жаңғыруы көрсетіледі.