Сарыкөл аудандвқ ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстары екі жылдық жоба аясында 2024 жылы басталған болатын. Былтырғы жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, жаңарған медициналық мекеме тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Бүгінде шипасы мен шапағаты мол аурухана – аудан жұртшылығы үшін нағыз сенімді мекенге айналды.