Биыл білім саласында атқарылған ілкімді істер көп. Талантты оқушылархалықаралық, республикалық олимпиадаларда топ жарды. Шығармашылық байқаулардан да жүлделі оралып, техникалық бағытта да өздерін шыңдады. «Дарын» бағдарламасы осындай дарынды өрендер жайында айтудан жалықпайды. Жыл соңы. Барлығы қорытынды жасап жатыр. Ендеше біз де, қызықты сәттерді еске алып, жыл бойғы шығарылымдарды түйіндейік.