Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуді басты мақсат ретінде атап өтті. Бұл бағытта Қостанай өңірінде де жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі – облыс орталығында өткен «10-AIMAQ: дамудың жаңа траекториясы» атты сараптамалық жиын. Шараға Астана мен Алматыдан келген жетекші экономистер, саясаттанушылар мен түрлі сала мамандары қатысып, Қостанай облысының даму динамикасын саралап, алдағы кезеңге арналған нақты ұсыныстарын ортаға салды.