"Елбесік" бағдарламасының кезекті шығарылымы Әйет ауылында орналасқан қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Бейімбет Майлин атын еншілеген музейге арналды. Бұл музей сөз зергерінің өмірі мен шығармашылығын, сондай-ақ сол дәуірдің рухын айғақтайтын қастерлі орын. Бағдарлама барысында музей қорындағы құнды жәдігерлер таныстырылды.