Бұл шығарылымда біз Торғай елінің қайсар қызы Ақбота Бейісованың еңбек жолымен танысамыз. Бала күнінен-ақ темір-терсекке қызығып өскен ол бүгінде зауытта слесарь болып, көліктердің құрастырылуына жауап береді. Құрылыста да, құс фабрикасында да шыныққан кейіпкеріміз ауыр жұмыстан қаймықпай, еңбектің қадірін жастарға да үйретіп жүр.