13 қыркүйек күні Qostanay арнасында жаңа жоба – «Жол үстінде» хабарының тұсауы кесілді. Бағдарлама қонағы – белгілі ақын, журналист Нұрқанат Құлабаев. Жүргізуші Дәуренбек Әбдібекпен бірге ол Қостанай көшелерін аралап, қоғам, заман және өмір жайлы ойларымен бөлісті.