«Дарын» бағдарламасы №24 бастауыш мектеп-гимназиясындағы қолөнер үйірмесін көрсетті. Киіз басу өнерінің тарихы, оқушылардың шығармашылық ізденістері мен үйірмеде үйреніп жатқан дәстүрлі қолөнердің қыр-сыры сөз болды. Бағдарлама қонақтары – мектеп оқушылары мен үйірме жетекшісі Мөлдір өз тәжірибелерімен бөлісті.