Президент Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, әділетті қоғам құру, жастарды қолдау, цифрландыру мен инфрақұрылым, білім беру салаларына ерекше мән берілді. Сондай-ақ саяси реформалар да назардан тыс қалған жоқ.
Бұл жолғы өзгерістер өңірлердің мүддесіне қалай әсер етеді? Бір палаталы Парламент жүйесінің артықшылығы неде? Мәслихаттардың рөлі қандай болмақ?
Осы және өзге де маңызды сұрақтарға студия қонағы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Қырмызы Жаңбыршина жауап береді.