3 қыркүйек күні Qostanay арнасында «Елбесік» бағдарламасы көрерменге ұсынылды. Бұл жолғы шығарылымда Амангелді ауданының табиғаты мен тарихы, сондай-ақ өңірдің туризм саласындағы даму қарқыны сөз болды.
Бағдарлама барысында А. Иманов атындағы мемориалдық музейдегі құнды жәдігерлер көрсетіліп, жергілікті тұрғындар өткеннің тағылымы жайында ой бөлісті. Сондай-ақ, «Тәж Торғай» туристік кешені, оның ішінде әлемдік рекордтар кітабына енген «Ұлттың жады қабырғасы» және ежелгі өркениеттер үлгісінде жасалған сәулеттік нысандар таныстырылды.