Қостанайдағы №32 мектеп жанынан ашылған «Балдаурен» лагері – балалар үшін білім мен өнер, ойын мен демалыс тоғысқан ерекше орта. Робототехникадан бастап тоғызқұмалаққа дейінгі үйірмелер, кітап оқу мен шығармашылық сабақтар – бәрі де жас ұрпақтың жан-жақты дамуына бағытталған. Бұл тек жазғы лагерь емес – болашаққа жасалған инвестиция.