Бұл шығарылымда біз варикоз ауруының пайда болу себептері мен алғашқы белгілері, оның даму кезеңдері мен қауіптері, заманауи емдеу әдістері мен алдын алу жолдары туралы сөз қозғаймыз.

Сарапшылар пікір айтып, жүктілік кезінде жиі кездесетін бұл аурудан қалай сақтану қажет екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, көпшіліктің арасында кең тараған қате пікірлерді де талдаймыз.

Дер кезінде анықталмаған варикоз – тек эстетикалық кемшілік емес, ауыр медициналық проблема. Сондықтан әр қадам маңызды!