12 шілде күні эфирде  «Ел мүддесі» бағдарламасында ақбөкен мәселесі кеңінен қозғалды. Киікті киелі деп қастерлеген қазақ оны қорғауға миллиардтап қаржы бөлгенімен, бүгінде артық көбейген жануар ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіріп отыр. Алқаптарды таптап, жайылымды жұтап жатқан түз тағысын реттеу қажет пе?