«Ел мүддесі» бағдарламасының бұл шығарылымында еліміздегі медициналық қызмет сапасы сөз болды. Пікір алаңына шақырылған сала мамандары денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді, жетістіктер мен шешімін күткен түйткілдерді талқылады. Ауыл мен қаладағы медицина нысандарының ахуалы, сақтандыру жүйесінің тетіктері, жедел жәрдем қызметінің қолжетімділігі мен медициналық туризм тақырыптары қозғалды.