Бағдарламада ұлттық мұрамыздың бірегей көрінісі – «Ортеке» өнері туралы баяндалады. Қолөнер шебері әрі күйші Бекзат Ғазезовтің туындылары арқылы ортекенің шығу тарихы, жасалу ерекшеліктері мен мәдени мәні кеңінен ашылады. Домбыраның қоңыр үнімен үндесіп, жан біткендей қимылдайтын ортекенің қуыршақ биі – қазақтың дәстүрлі өнерінің айрықша қырын көрсетеді. Сонымен қатар бағдарламада ЮНЕСКО тізіміне енген «Ортеке» өнерінің бүгінгі жай-күйі мен болашағы туралы мамандар пікір білдіреді.