Бүгінгі шығарылымда өнер, спорт және заманауи қауіпсіздік мәселелері талқыланады:

🎬 Асхат Зауатбек – Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының директоры мен актриса Диана Тұрсынова сахна сырлары мен жаңа қойылымдар туралы бөліседі.

🐎 Бақдәулет Асанов – көкпаршы. Ұлттық ойынның мәні мен жас спортшылардың жетістіктерін әңгімелейді.

💻 Маратбек Болатбек, Тамерлан Алашбаев, Төлеухан Иманмағзұмов – академия курсанттары. Олардың жетекшісі, полиция майоры, киберқауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы Самат Михайлович Даиров болашақ офицерлерді қалай дайындайтыны жайлы айтып береді.