Бүгінгі шығарылымда ұлттық мұраның көрнекті үлгісі – қамшы жайлы кеңінен сөз болды. Бағдарламада қамшының тарихы, тілдік қолданысы, тұрмыстағы орны мен шеберлікпен жасалу жолдары баяндалды. Қамшының түрлері: бәйге, көкпар, дойыр, неке және сүндет қамшы болып бөлінетіні түсіндірілді. Қолөнерші Айдын Диханбаев бұл өнерді ұрпаққа үйретіп, дәстүрді жалғастырып жүрген санаулы шебердің бірі.

Қамшы – тек тұрмыстық құрал емес, ол – дәстүр мен тәрбие құралы. Өрімі, сабы, бүлдіргісі – әрқайсысы мағынаға толы. Бағдарлама барысында қамшы ұстау әдебі мен оны сыйға тарту жолдары да көрермен назарына ұсынылды.