Бүгінгі шығарылымда ұлттық өнер мен салауатты өмір салты қатар өріледі:

🎼 Әмина Әлиева мен Дария Жәдікова – жас домбырашылар. Олар күй өнеріне деген сүйіспеншілігі, сахнадағы алғашқы қадамдары және домбыраның бала тәрбиесіндегі рөлі туралы бөліседі.

🏃‍♂️ Владислав Носенко – Қостанай облыстық дене шынықтыру және қосымша білім беру өңірлік орталығының спорт бөлімінің жетекшісі. Ол жазғы демалыста балаларға арналған спорттық жобалар мен белсенді демалыстың артықшылықтарын әңгімелейді.