11 маусымдағы шығарылымда Қостанай ауданына қарасты Щербаков ауылының тыныс-тіршілігі қамтылды. Қалаға жақын орналасқан, қарағайлы орманымен көз тартатын ауылда 1779 адам тұрады. Мұндағы басты ерекшелік — екі бірдей шипажайдың жұмыс істеуі. Емдеу орындарында ауыл тұрғындарының 70–80 пайызы еңбек етеді. Бұл мекемелер өңірдегі жұмыс орындарының негізгі көзіне айналған.