Бұрынғы атауы Притобол округі болған елді мекен бүгінде Жамбыл, Алтын дала және Сәмір ауылдарын біріктіреді. 2500-ге жуық тұрғыны бар округ облыс орталығына жақын орналасқан. Ауыл шаруашылығы саласында қарқынды жұмыс істеп жатқан бордақылау алаңы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беруде. Ауыл мектебі екі ауысыммен жұмыс істейді, білім сапасы жоғары. Медпунктте қажетті дәрігерлер мен жабдықтар жеткілікті. Жол жөндеу, су жүйесін жаңарту және газ тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Тұрғындар ендігі армандары — мәдениет үйінің бой көтеруі екенін айтады.