Көз — адам ағзасындағы ең күрделі әрі нәзік мүшелердің бірі. Бағдарлама барысында көздің анатомиясы, миопия, астигматизм, катаракта мен глаукома сияқты кең таралған аурулар және олардың белгілері мен себептері түсіндірілді. Көру қабілетін қайта қалпына келтірген жандардың әңгімесі, офтальмологтардың кеңесі мен көзге жасалатын жаттығулар көрермен назарына ұсынылды. Дәрігерлер көзді қорғау үшін үнемі тексеріліп, гаджеттерді ұзақ қолданбауға және жаттығу жасауға кеңес береді.