Бүгінгі шығарылымда руханият пен өткеннің тағылымы тоғысады:
🎭 Әділ Ахметов — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дәурен Серғазин — халықаралық және республикалық театр фестивальдерінің жеңімпазы, Азамат Есқұлов — мәдениет саласының үздігі, Астана Жастар театрының негізін қалаушылар. Олар сахна өнерінің құдіреті мен жас буынға рухани тәрбие берудегі рөлі туралы ой бөліседі.
🏛 Дәурен Теміров, Айяна Бикешева, Бекзат Есентаев және Айбек Шалғымбеков — Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ оқытушылары мен студенттері тарих тағылымдары мен ұрпақ сабақтастығының маңызын талқылайды.