Бағдарламада ұлттық музыкалық аспап – жетіген және оны дәріптеп жүрген жас өнерпаздар жайында баяндалады. Үйірме жетекшісі Мөлдір Құлымбетова аспаптың тарихы, ерекшелігі мен үйрену әдістері туралы әңгімелейді.
Жас жетігеншілер:
Гүлбахар Назар – жетігенді ғылыми зерттеу нысаны ретінде қарастырып, республикалық байқауда үздік танылған оқушы.
Айым – көрерменге «Кербез сұлу» күйін орындап береді.
Малика Сағидолла – болашақта жетіген үйрететін ұстаз болуды армандайтын жас өнерпаз.
Сондай-ақ, «Жауқазын» ансамблінің орындауындағы танымал күйлер ұсынылады