Бағдарламада ауылдық электромонтер Николай Авсиевичтің еңбегі мен өмірі баяндалады. Ол ауылды жарықпен қамтамасыз етіп, туған жерінің көркеюіне үлес қосып жүрген жан. Көрермендер кейіпкердің жұмыс күндері, отбасы, ауыл өміріндегі рөлі туралы тың деректермен танысады. Николайдың еңбекке адалдығы мен патриоттық көзқарасы – бағдарламаның басты өзегі.