Нұрбол Камелұлының есімі қостанайлықтарға жақсы таныс. Ұлтжанды азаматпен кездесу үшін арнайы арнайы Бозбек елді-мекеніне келдік. Кейіпкер қалада тұрса да, дала тіршілігін сағынып, шағын фазендасына күн сайын келеді. Себебі ол қазақтың атқұмар азаматтарының бірі. Ит жүгіртіп, бәйге жылқыларын баптайды. Аңшылыққа шығады.