2002 жылдың 12 маусымында Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылында дүниеге келген.
2023 жылы Қостанай өңірлік университетін «журналистика және репортер ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2022 жылы «Қазақстан» РТРК АҚ Қостанай филиалында жаңалықтар қызметінің тілшісі ретінде бастады.
2022 – 2023 жылдар аралығында «Тобыл тынысы» ақпараттық - танымдық сазды бағдарламасының , «Халық мұрасы» жобасының жүргізушісі.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап «Менің қолтаңбам» авторлық бағдарламасының жүргізушісі.
2023 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің атынан алғыс хат иеленді.